Құрметті жамағат!
Өздеріңізден алған аманатты орындау мақсатында жүзеге асқан «Qurban-2020» жобасы бойынша тапсырыстарды қабылдау 2 тамыз 14.00-де аяқталатынын хабарлаймыз.
Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңізге ерекше алғысымызды білдіреміз!
Алла Тағала жасаған құлшылық-ғибадаттарыңызды, тілеген дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, айттан айтқа амандықта жете берейік!
Айт мүбәрак болсын!
Құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру
Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін)
Құрбандық етін алуға өтініш қабылдау аяқталды. Енді барлық өтініштер сарапталып, құрбандық етін мұқтаж отбасыларға жеткіземіз.